Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицей көшенің қақ ортасында талмасы ұстаған екі жасар баланы құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Кішкентай бала үлкен адамның қолынан ұстауда
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент орталығындағы көшелердің бірінде кішкентай балақайдың талмасы ұстап қалды. Қиын сәтте бүлдіршінді полиция қызметкері мен медбике құтқарған, деп жазады Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Екі жасар балақай тура көше ортасында талып қалған. Осы сәтте қатты қиналған ана полицейден көмек сұрайды. Ал Ерік Ақмолдаев болса, баланы көтеріп, жақын маңдағы дүкенге барады. Қуанышқа қарай, дүкен ішінен медбике де табыла кеткен.

"Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Сол кезде медбике әйел жүгіріп келді. Екеуміз алғашқы көмекті көрсеттік. Мен баланы ұстап тұрдым, ал көмекке келген әйел бала тілін жұтып қоймауы үшін бәрін істеді. Осылайша, сәбиді құтқардық. Бала мен ананы жедел жәрдем алып кетті", - дейді полиция қызметкері.

Сәбидің анасы болса, полиция қызметкеріне алғысын жаудырды.

"Полицей менің ұлымды өлімнен алып қалды. Алғысым шексіз. Мұндай адамдар марапатқа лайық", - деді бүлдіршіннің анасы.

Қазіргі таңда балақай ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2005370-symkenttik-policei-kosenin-qaq-ortasynda-talmasy-ustagan-eki-zasar-balany-qutqaryp-qaldy-video/

pixel