Дәрігер жиі ауыратын балаларға арналған ең жақсы спорт түрлерін атады
Жарияланған күні:
Дәрігер-педиатр Ольга Комиссарова жиі ауыратын балаларға арналған ең жақсы спорт түрлерін атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Life басылымына сілтеме жасап.
"Шаңғы, биатлон, мәнерлеп сырғанау және хоккей жақсы таңдау болар еді", – дейді маман.
Ольга Комиссарованың сөзінше, жиі ауыратын балалар әдетте мұрын-жұтқыншақтың инфекцияларынан зардап шегеді, сондықтан олар үшін дене жаттығуының маңызы зор.
Ол суда жүзудің де бала денсаулығы үшін пайдасы көп екенін жеткізді.
"Бірақ аденоид, синусит, отит немесе аллергиялық ринитпен ауыратын балалар үшін суға түсу, әсіресе хлорланған суға түсу ауруды асқындырып жіберуі мүмкін", – дейді дәрігер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2006201-dariger-zii-auyratyn-balalarga-arnalgan-en-zaqsy-sport-turlerin-atady/