Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз дәрігерлері бірнеше тігін инесін жұтып қойған бүлдіршінді құтқарды (фото)

Опубликовано:

ине
Ине. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері бірнеше тігін инесін жұтып қойған 3 жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 3 жастағы баланың анасы ұлының киімдегі "молния" ілгегінің жүгіртпесін жұтып қойғанын айтып, жүгінген.

Кішкентай пациентті бас дәрігердің орынбасарлары - Сейдахмет Шыныбеков пен Мәулім Кенжалы қарап, эндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып, бірегей операциялар жасаған.

Яғни дәрігерлер хирургиялық емдеуге жүгінбестен денеден қауіпті заттарды алып тастаған.

"Іш қуысының шолу рентгенограммасын жасағаннан кейін асқазанда жүгіртпе мен шамамен екі тігін инесі тұрғаны анықталды. ЭФГДС емшарасын жүргізу кезінде асқазаннан бір ине алып тасталды, бірақ жүгіртпе болмады", – дейді дәрігерлер.

Отадан кейін бүлдіршін хирургиялық бөлімшеде қалған. Нәтижесінде жүгіртпе өздігінен нәжіспен бірге сыртқа шыққан. Ал екінші ине шықпаған.

"Іш қуысының бақылау R-граммасын жасағаннан кейін іштің жоғарғы жағында тағы 2 ине және жамбас проекциясында 1 ине тұрғаны белгілі болды. Қайтадан ЭФГДС жасалып, асқазандағы ине алып тасталды. Содан кейін колоноскопияның көмегімен сигма тәрізді ішекке қадалған ине алып тасталды", – дейді жоғары санатты хирург-дәрігер Сейдахмет Шыныбеков.

Бала одан әрі дәрігерлердің бақылауында болған. Тағы да іш қуысының бақылау R-граммасын жасағаннан кейін жамбас проекциясындағы төртінші ине табылып, алып тасталған.

Барлық емдеу процедураларынан кейін денсаулық жағдай қанағаттанарлық болған соң бүлдіршін үйіне шығарылған.

Дәрігерлердің пайымынша, баланың іш қуысына төрт ине 8 күннің ішінде асқазан-ішек жолдары арқылы кірген.

Осы орайда дәрігерлер ата-аналар баланың бөгде затты жұтып қоймауын қатаң қадағалауы керек екенін атап өтті.

"Баланың қасында ересек адам болмаса, шарлармен немесе монеталармен ойнауына жол беруге болмайды. Ойыншықтар ұсақ бөлшектерсіз және жасына сәйкес болуы керек", – дейді Мәулім Қазиұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2006578-taraz-darigerleri-birnese-tigin-inesin-zutyp-qoigan-buldirsindi-qutqardy-foto/

pixel