Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күрделі ота жасалды": Алматылық дәрігерлер алғаш рет 73 жастағы науқастың қатерлі ісігін алып тастады

Опубликовано:

Хирургиялық құралдар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыдағы орталық қалалық аурухананың дәрігерлері алғаш рет қатерлі ісігі бар 73 жастағы науқасқа күрделі ота жасады, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 73 жастағы пациент асқазанынан қан кетіп, ауыр күйде түскен.

Дәрігердің айтуынша, барлық қажетті тексерістен кейін, ұйқы безінде өскін туындаумен асқазанның қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Өскін үлкен мөлшерлі – 6 см.

PhD докторы Жасұлан Баймаханов Орталық қалалық клиникалық ауруханада пациенттің қатерлі ісігін, асқазанын, ұйқы безінің денесін және қалдықтарын, қоршаған жасушалары және лимфотүйіндерін, көкбауырды алып тастады. Ота күрделі болғанына қарамастан, сәтті өткен.

"Қатерлі ісік асқазанның эпителийіне зақым келтіріп, содан асқазан және көршілес ағзалардың тіндері өсе бастаған. Көбінесе ұйқы безінің тіндеріне әсерін тигізген. Ұйқы безінің дисталды резекциясын жүргізу арқылы кеңейтілген гастроэктомия жасалып, Цацаниди модификациясы Ру ілмегіндегі эзофаго-еюноанастомоз салыған. Бұдан әрі біз тамақты қорыту қызметін жасау үшін өңеш пен аш ішекті біріктірдік", – деді Баймаханов.

Хирургтың айтуынша, осы ауруханада мұндай операция жасалмаған. Дәрігерлерден операция сәтті өту үшін 4 сағат уақыт пен мұқияттылық ғана талап етілді. Он күннен соң пациент амбулаторлық ем алу үшін ауруханадан шығарылды. Оған енді химиотерапия курсынан өту керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2007686-ota-auyr-otti-almatylyq-darigerler-algas-ret-73-zastagy-nauqastyn-qaterli-isigin-alyp-tastady/

pixel