Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дәрігерлер екі сәбидің ішінен шар тәріздес зат алып шықты

Опубликовано:

Дәрігерлер
Дәрігерлерлердің ота жасау сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада ауруханаға түскен екі баланың ішінен дәрігерлер шар тәріздес гидрогельді зат алып шыққан. Дер кезінде ота жасалғандықтан, қазір балалардың денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Дәрігерлер сәбилердің асқазанында белгісіз зат барын рентген арқылы анықтап, гидрогельді заттарды алып шығу үшін екі нәрестеге де шұғыл ота жасады. Бірінші бөбек небәрі 11 айлық. Екіншісі 1 жаста.

Астанадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың бөлімше меңгерушісі Серік Баймолдиннің айтуынша, дәрігерлер балаларды ішек инфекциясына тексеріп, рентген арқылы шарларды жұтып қойғанын анықтаған.

"Шар жіңішке ішектің ішінде өсе бастағандықтан, құсу тоқтамады. Ота әжептеуір қиындық туғызды. Жалпы мұндай ойыншықтарды еңбектеген баласы бар ата-ана алмауы керек. Бұл өте қауіпті. Себебі шар қатты үрленсе өлімге әкелуі мүмкін. Еңбектеп жүрген баласының денсаулығы кенет сыр бергенде, анасы оны тамақтан уланған деп ойлаған. Сәби бір емес екі шарды бірден жұтқан. Шар аш ішекке жабысып, үрлене түскен. Баласының аман қалғанына ата-анасы қуанып отыр. Өзге ата-ана мұндай ойыншыққа жоламаса екен", - дейді Серік Баймолдин.

Гидрогельді шар
Гидрогельді шарлар. Көрнекі сурет: pixahive.com/Mahesh

Телеарнаның хабарлауынша, түрлі-түсті гидрогельді шарларды дүкендерден оңай табуға болады. Дәрігерлер оны ойыншық емес, қауіпті зат екенін айтып, сатылымнан алып тастауын сұраған.

Гидрогельді заттар суда 100 есе өседі. Яғни бір апта бойы іште болса, ісініп, соңы өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2009450-astanada-darigerler-eki-sabidin-isinen-sar-tarizdes-zat-alyp-syqty/

pixel