Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Pfizer вакциналары өндірілетін болады

Опубликовано:

Вакцина ампулалары
Ковидке қарсы вакцина ампулалары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Pfizer компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда Қазақстанда вакцина өндіру саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды министрліктің Тelegram каналында.

Pfizer компаниясының өңірлік директоры Озгур Язиюртпен әңгімелесу барысында ведомство басшысы фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, әріптестік қатынастарды тереңдетуге бағытталған бастамасы үшін ризашылығын білдірді.

"Біз америкалық технологиялардың трансфертін, оның ішінде Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға белсенді үлес қоса отырып, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруды құптаймыз. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі маңызды кезеңі Қазақстанда Pfizer компаниясының Превенар 20 вакцинасының жаңа буынын өндіру болады", - деді Ажар Ғиният.

Бұдан кейін кездесу барысында нормативтік базаны жетілдіру және Қазақстанда фармацевтика өндірісін орнықтыру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал құру мәселелері көтерілді.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2010557-elimizde-pfizer-vakcinalary-ondiriletin-bolady/

pixel