Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей ғалымы: Маникюрді кептіретін ультракүлгін сәулелі шамдар терінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін

Опубликовано:

Боялған тырнақты кептіру сәті
Боялған тырнақты кептіру сәті. Көрнекі фото: pixabay.com

Қыз-келіншектер арасында сұранысқа ие гельден жасалатын маникюрді ультракүлгін сәулелі шамдармен кептіру азғаға қауіпті болуы мүмкін. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Серяков кімге бұл процедураны жасауға болмайтынын айтып берді, деп хабарлайды rnews.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Профессордың айтуынша, ультракүлгін сәулелі шамдарды қолданатын маникюр түрлерін терісі сезімтал, дақтар мен экземасы, әр түрлі тері ауруы бар адамдарға жасауға болмайды. Сондай-ақ процедураны балалар мен жасөспірімдерге жасауға болмайды.

"Егер тері тым сезімтал болса және күн сәулесінің әсерінен тез қызару, қышу пайда болса, онда мұндай адамдар маникюр жасағанда абай болу керек. Ультракүлгін сәулесіне мұндай реакцияның болуы теріде қатерлі ісіктің дамуын тудыруы мүмкін", - дейді профессор.

Ал теріде қал болған жағдайда мұндай маникюр түрлерінен толығымен бас тартқан абзал дейді маман.

Дәрігер теріде ультракүлгін сәулеге деген сезімталдық жоғары болған жағдайда SPF деңгейі жоғары қорғаныс кремін пайдалануға кеңес береді.

Сондай-ақ басылым бұған дейін Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары тырнақты кептіруге арналған ультракүлгін сәулелі шамдарды зерттеп, бұл құрылғылар жасушаларға зақым келтіріп, терінің қатерлі ісігіне әкелетін мутацияларды тудыратынын анықтағанын атап өтті.

Бұл тері мен тырнақ арасында қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2010700-resei-galymy-manikyurdi-keptiretin-ultrakulgin-sauleli-samdar-terinin-qaterli-isigine-akelui-mumkin/