Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурыз айында қай күндері магниттік дауыл болады

Опубликовано:

Басын ұстап отырған ер адам
Басын ұстап отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар 2023 жылғы наурыз айында магниттік дауылдардың нақты қай күні болатынын анықтады, деп хабарлайды yasnonews cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Мамандардың болжамы бойынша наурыз айындағы магниттік дауыл ауа райының өзгеруіне сезімталдығы жоғары адамдарға жағымсыз әсер туғызады.

Дегенмен, олар магниттік дауылдардың нақты кестесін алдын ала білу арқылы оның кері әсерін азайтуға болатыны айтады.

2023 жылғы наурыз айындағы магниттік дауыл қай күні болады?

Көктемнің бірінші айы салыстырмалы түрде бірқалыпты өтеді дейді мамандар. Бірақ кей күндері күннің белсенді жарқылы күтілуде.

Бірінші магниттік дауыл 2 наурызда болады. Геомагниттік дауылдың күші орташа деңгейде болып, ауа райына сезімталдығы жоғары адамдарға әсер етеді.

5-8 наурыз аралығында ең ұзақ магниттік дауыл күтіледі. Магниттік дауыл 6-7 наурызда ерекше белсенді болады.

15 наурызда да магниттік дауыл болуы ықтимал. Бұл созылмалы аурулары бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін.

Сарапшылар 23 наурызда күннің аздаған жарқылы болады деп болжауда, оны негізінен ауа райына сезімтал адамдар сезінеді.

Алдын ала болжам бойынша, күші орташа деңгейдегі соңғы магниттік дауыл 31 наурызда болады.

2023 жылдың наурызындағы магниттік дауылдар: адамдарға қалай әсер етеді?

Ауа райына тәуелді, сондай-ақ психикалық проблемалары, созылмалы аурулары бар адамдар магниттік дауыл өтетін күндері өз денсаулығына көңіл бөлуі керек. Өйткені магниттік дауыл кезінде көңіл-күйдің, ұйқының бұзылуы және әлсіздік байқалады.

Бұл кезең әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар мен артық салмақтағы жандар үшін қиынға соғуы мүмкін.

Сонымен қатар магниттік дауыл күндері адамдар мазасызданып, жанжалдасуға бейім болады. Бұл күндері физикалық белсенділікті азайтып, дұрыс тамақтанып, мейлінше демалған дұрыс дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2011007-nauryz-aiynda-qai-kunderi-magnittik-dauyl-bolady/

pixel