Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі ісіктен айықтым": Обырға ұшыраған келіншек қауіпті дертті қалай жеңгенін айтты

Опубликовано:

науқас
Науқас. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстандық Агния Центовская сүт безінің обырынан сауығып шықты. Келіншектің айтуынша, оған санамен жұмыс істегені қатты көмектескен. Бұл туралы ол "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

"Бір жыл бұрын Агния Центовскаяға "сүт безі обыры" диагнозы қойылған. Осы уақыт аралығында ісіктің көлемі он сантиметрге үлкейіп кеткен. Қабылдаған емі анау айтарлықтай нәтиже бермеген соң, интегративті медицинаға жүгінген.

"Емге келер болсақ, ешқандай химия немесе операция жасаған жоқ. Вирустарға қарсы арнайы екпе салды. Көбіне психологиялық жұмыстарға мән берді. Ауруханаға жатудың да қажеті болған жоқ. Ел қатарлы жұмыс істеп жүрдім. Астанаға барып, анализ тапсырғанымда жақсы хабар естідім", - дейді қатерлі дертті жеңген науқас.

Интегративті медицина өкілдерінің айтуынша, мұндай айтарлықтай ашылған жаңалық жоқ.

"Бұл әдіс алғаш рет Австрияда қолданыла бастады. Яғни, бұл негізгі емге қосымша көмек десек болады. Екеуінің біріккен әдісі дерттің бетін қайтаруға анағұрлым көмектеседі. Лейкемия, сүт безінің қатерлі ісігі, ми ісіктері және тағы басқаларын санаға әсер ету арқылы емдеуге болады. Бұл ағзаның тез сауығуына ықпал етеді", - дейді дәрігер Дмитрий Раевский.

Ресми дерек бойынша, өткен жылы Қазақстанда 36 мың адамнан қатерлі ісік анықталған. Ақ халаттылар тұрғындарға жыл сайын тексеруден өтіп тұру керектігін ескертті.

"Қатерлі ісікке шалдыққан адамды өте ауыр ем күтеді. Отадан бөлек, сәулелі терапиялар бар. Мұның бәрі науқасқа ауыр. Сол кезде қосалқы ем ағзаны ахуалын көтеріп, күшті арттыруға керек. Бұл жерде психологтың көмегі де, дұрыс тамақтану да қажет", - дейді елорданың бас онкологы Мұхтар Төлеутайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2011021-qaterli-isikten-aiyqtym-obyrga-usyragan-kelinsek-qauipti-dertti-qalai-zengenin-aitty/

pixel