Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тырнаққа маникюр жасау рак туғыза ма?": Астананың бас онколог-дәрігері жауап берді

Жарияланған күні:

Тырнаққа маникюр жасау процесі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы кездері БАҚ-та маникюр жасаудың зияны туралы көп айтылып жүр. Әсіресе, ультракүлгінді сәуле арқылы маникюр жасатудың соңы ракқа әкелуі мүмкін деген пікірлер таралды. Осы орайда, Астана қаласының бас онколог-дәрігері Мұхтар Төлеутай көпшілік сауалына жауап берді, деп хабарлайды "Оян" бағдарламасы.

"Ультракүлгін сәулесі күнде де бар. Ал тырнақ жасайтын кезде оның жасанды түрін пайдаланады. Бірақ мұны обырға әкеледі деуге болмайды. Себебі оған негіз болу керек. Меланома деген ісік бар. Бұл ісік тырнақ астында да болуы мүмкін. Маникюр жасаушы түрлі химиялық заттарды, ультракүлгін сәулені пайдаланғанда оны қоздырып жіберуі мүмкін", - дейді онколог.

Дәрігердің айтуынша, біздің елімізде және жалпы әлем бойынша сүт безі обыры бірінші орында тұр.

"Біздің елде жыл сайын скринингтен өткізеді. 30 жаста жатыр мойнындағы, 40 жастан бастап сүт безіндегі, 50 жастан бастап тоқ ішек, тік ішектегі обырларға тексеру жүргізіледі. Біздің елдегі стастистика бойынша, обырға шалдығатын адамдардың 55 пайыздан астамы жұмысқа жарамдылар. 25-55 жас аралығында адамдарда көп кездеседі", - деді Төлеутайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2011059-tyrnaqqa-manikyur-zasau-rakty-tugyza-ma-astananyn-bas-onkolog-darigeri-zauap-berdi/