Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаштың жиі түсуі қандай ауру түрлерінің белгісі болуы мүмкін: отандық дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Тарақтағы шаш
Тарақтағы шаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Шаштың жиі түсуі ағзадағы бұзылыстың, қандай да бір патологияның белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыдағы №36 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Гүлназ Юсупова айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Адамда күн сайын шамамен 100 тал шаш түссе, бұл - қалыпты жағдай, шаш бұдан көп түсетін болса ағзадағы патологиялық процестерден хабар беруі мүмкін", - дейді дәрігер.

Бұл ретте, Гүлназа Юсупова шаштың шамадан көп түсуіне себеп болатын ауру түрлерін атады. Олар:

  • қалқанша без, гипоталамус-гипофиз жүйесі, аналық без, бүйрек үсті безі аурулары;
  • аутоиммунды аурулар (түйінді зоб, идиопатиялық гипопаратиреоз, Хашимото тиреоидиті);
  • дерматологиялық аурулар (себорея, псориаз, экзема);
  • ішкі орган аурулары (гастрит, колит, бүйрек және бауыр аурулары);
  • авитаминоз;
  • созылмалы инфекциялар (тонзиллит, синусит, синусит);
  • цитомегаловирус инфекциясы, мерез;
  • туберкулез;
  • иммун тапшылығы жағдайлары.

Дәрігердің айтуынша, егер адам шаш тарағанда, бас сүрткенде, сондай-ақ жатын орыннан, басқа да тұрмыстық заттардан көп мөлшерде шаш түскенін байқаса, алдымен маманға көріну керек.

Емдеу шараларын жасамас бұрын, дәрігермен бірге оның себептерін анықтау қажет дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2011120-sastyn-zii-tusui-qandai-auru-turlerinin-belgisi-boluy-mumkin-otandyq-dariger-zauap-berdi/

pixel