Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ерлердің төсек қатынасындағы белсенділігін ұзартудың амалын тапты (18+)

Опубликовано:

Төсекте жатқан ер адам мен әйел
Төсек қатынасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлыбритания ғалымдары йоганың ерлердің сексуалдық денсаулығына және жалпы физикалық белсенділігіне пайдалы екенін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияның Англия Раскин университетіндегі ғалымдар зерттеу жүргізе отырып, йогамен және спортпен шұғылдану жыныстық қатынастың уақытын ұзартуға мүмкіндік беретінін анықтады.

Зерттеушілер жыныстық қатынасты бір минуттан әрі созуға мүмкіндігі жоқ 3485 ер адамға 54 түрлі зерттеу жүргізген.

Ғалымдар зерттеу нәтижесінде физикалық белсенділікті жыныстық денсаулықты жақсартудың бір тәсілі ретінде қарастыру керек деген қорытындыға келген. Мысалы, бір зерттеуде қатысушылар аптасына бес күн бойы күніне кемінде 30 минут жүгірген. Орташа алғанда, олардың жыныстық қатынасының ұзақтығы 39 секундтан үш минутқа дейін өскен. Тағы бір зерттеуде 26 ер адам 12 апта бойы йогамен айналысқан. Олардың жыныстық қатынасының ұзақтығы орташа есеппен үш есе өскен, нақтырақ айтсақ 26 секундтан бір жарым минутқа дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2012612-galymdar-erlerdin-tosek-qatynasyndagy-belsendiligin-uzartudyn-amalyn-tapty-18/

pixel