Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мыңнан бір адамда кездеседі": Павлодарда тік ішегі бітеу сәби туылды

Опубликовано:

нәрестенің аяғы
Нәресте. Көрнекі фото: Рixabay.com

Павлодарда тік ішегі бітеу бала туды. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ақ халаттылар оған күрделі операция жасап, тік ішегін қалпына келтірді. Сәби туғанда өңеші мен асқазаны да бір-біріне байланыспаған. Оған да операция жасалып, өңеш пен асқазан арқылы тік ішекке баратын жолды ашқан. Бұл ауру медицинада "өңеш атрезиясы" деп аталады.

Павлодар облысында өткен жылы осындай 5 жағдай тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ауруды сәби туғаннан кейін 36 сағат өтпей операция жасаса ғана, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.

"Бала операциядан кейін реанимацияда болды. Реанимациядан соң баланы бөлімшеге ауыстырып, мамасына бердік. Мамасы омырау емізіп, бақыладық. Емдедік соңына дейін. Сондықтан баланы амбулаторлық емдеуге жібердік. Бақылап жатырмыз", - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жандос Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2012728-mynnan-bir-adamda-kezdesedi-pavlodarda-tik-isegi-biteu-sabi-tuyldy/

pixel