Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашқарынға қандай тағам жеуге болмайды: диетолог кеңес берді

Опубликовано:

Кофе мен печенье
Кофе мен печенье. Көрнекі фото: Рexels.com

Диетолог, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің гастроэнтерология және гепатология ғылыми-клиникалық және білім беру орталығының ассистенті Наталья Круглова "Прайм" агенттігіне ашқарынға жеуге болмайтын ең зиянды тағамдарды тізіп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маманның айтуынша, асқазан-ішек жолдарының аурулары мазалайтын болса, онда ашқарынға тұтынған кезде жайсыздық тудыратын өнімдерге ерекше назар аудару керек.

Оларға цитрус жемістері мен олардың шырыны жатады. Бұл жемістер тұз қышқылының бөлінуіне себеп болып, қыжылды, асқазанның ауырсынуы мен кекіруді тудыруы мүмкін.

Круглова сондай-ақ ашқарынға сүтсіз қою қара кофе мен газдалған тәтті су ішпеуді ұсынды.

"Құрамында қант көп болғандықтан газдалған тәтті суды ішуге және тәтті жеуге болмайды. Бұл өнімдермен адам қосымша калория алатын сияқты көрінеді. Бірақ қандағы қант тез түсіп кететіндіктен, адам өзін аш сезініп, қарны аша бастайды. Жаңа піскен нан өнімдері де асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда қыжыл болса, кейбірінде ауырлық және ісіну болады", – деп түйіндеді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2013274-asqarynga-qandai-tagam-zeuge-bolmaidy-dietolog-kenes-berdi/

pixel