jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Науқас миына ота жасалып жатқан сәтте 4 сағат бойы гитарада ойнаған

    Ота кезінде гитарада ойнаған науқас
    Ота кезінде гитарада ойнаған науқас. Видеодан кадр: trthaber.com

    Мексиканың Наярит штатында орналасқан Тепик қаласында 55 жастағы музыка пәнінің мұғалімі ми ісігіне қарсы ота жасалған кезде 4 сағат бойы гитарада ойнаған, деп хабарлайды TRT Haber арнасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Телеарна ақпаратынша, хирург ота кезінде науқастың есін біліп жатуы маңызды екенін айтқанда, мұғалім сөйлеу және есту сияқты функцияларын қадағалау үшін гитарада ойнағанды ​​жөн көрген.

    Сонымен қатар отаны жасаған хирург Селия Тереза ​​Альварес науқастың ота кезінде ауыртпалық сезінбегенін, осы әдістің арқасында ол екі аптадан кейін күнделікті жұмысын өз бетімен атқаруға кірісіп кеткенін айтқан.

    Телеарна мәліметінше, операцияның қиындықсыз өткені және бұл әдістің Наярит провинциясының тарихында алғаш рет қолданылған.

    Науқас миына ота жасалып жатқан сәтте 4 сағат бойы гитарада ойнаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.