Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тамшыларынан болуы мүмкін": АҚШ-та өмірге қауіпті инфекция таралып жатыр

Жарияланған күні:

Маска таққан жігіт
Маска таққан жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірнеше апта бұрын АҚШ-та Ауруларды зерттеу және алдын алу орталығы танымал көз тамшыларының бірнеше маркасын пайдалануға тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұған бірнеше адамның өмірге қауіпті инфекциядан қаза табуы себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sciencealert сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер мен дәрігерлердің пайымдауынша, көзге арналған тамшылар арқылы өмірге қауіпті инфекция таралу ықтималдығы бар. Дәріні тамызған бір адам көп ұзамай қайтыс болған. Алайда жуырда тағы екі адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Наурыз айының ортасында АҚШ-тың 16 штатындағы 68 науқаста Pseudomonas aeruginosa атты дәріге төзімділігі бар сирек кездесетін көкіріңді таяқшаның салдарынан пайда болған инфекция табылды. Сегіз адам көру қабілетінен айырылған, ал төрт адамның кем дегенде бір көзіне хирургиялық ота жасау керек болды.

Зерттеушілер науқастардың ауруын EzriCare Artificial Tears көз тамшыларымен байланыстырады. Көз тамшыларын үнділік Global Pharma фармацевтикалық компаниясы шығарған.

Бұл қандай инфекция

Айта кетейік, Pseudomonas aeruginosa – реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармай отынынан бастап мөлдір суға дейін кез келген жерде дами беретін көкіріңді таяқша. Көкіріңді таяқша өзін биопленкамен қаптап, қарапайым дезинфекциялық құралдардан қорғана алады. Соның салдарынан ол көптеген жерде дезинфекцияға төзімді ластаушы болып есептеледі.

Бұл көкіріңді таяқшаның түрі АҚШ-та жаңа патогендік штамм деп тіркелді. Ол карбапенем антибиотиктеріне де төзімді. VIM және GES деген белгілермен берілетін екі түрлі қосымша ферментті қамтиды. Штамм көптеген бактерияны түрлі β-лактамды антибиотиктерге төзімді ететіндіктен, бұл инфекцияны емдеу өте қиын.

Инфекция жұқтырған науқастардың жағдайы

Бұл тақырыпқа байланысты жасалған зерттеулердің бірінде 72 жастағы науқастың оң көзінде инфекцияның ушыққаны және оң жақ көзінің көру қабілеті жоғалғаны туралы баяндалған болатын. Оның қауіпті инфекция жұқтырғаны анықталғаннан кейін медицина саласының мамандары сағат сайын қабылдайтын антибиотиктерді тағайындады. Науқас бірнеше апта емделіп, денсаулығы жақсарғанына қарамастан, науқастың инфекциясы әлі ішінде сақталған және көру қабілеті әлі қалпына келмеді.

Өткен қыркүйекте Майами қаласында 68 жастағы әйел көз линзаларын кигеннен туындаған тітіркенуді басу үшін көз тамшыларын сатып алған екен. Дәріні көзіне құйғаннан кейін аталмыш инфекцияның белгілері пайда болып, оң көзіне ота жасалып, алынып тасталды.

Зерттеушінің микроскоппен жұмыс істеу сәті
Микроскоп: Pexels сайты

Көз тамшылары мен инфекцияның арасындағы байланыс тек қаңтар айында анықталды. Соқыр болған науқас өндіруші мен дистрибьюторларды және денсаулық сақтау қызметін ұсынатын ұйымдарды сотқа берді.

Көз тамшыларын өндіруші дистрибьютор не дейді

АҚШ-тағы EzriCare Artificial Tears дистрибьюторлары көз тамшылары мен індеттің арасындағы байланысты растайтын сынақтардың жоқтығына қарамастан, өз өнімдерін нарықтан алып тастағанын мәлімдеді.

Кеңейтілген спектрлі гуиандық бета-лактамаза (GES) нұсқасының пайда болуы супербактериялардың медициналық ландшафтты қалай өзгерте алатынының жарқын мысалы болып табылады, дейді дәрігер. Маманның пікірінше, инфекциялардың экстремалды жағдайларға, соның ішінде мүгедектікке және өлімге әкеліп соғу жағдайы арта түсуі мүмкін, себебі көптеген дәріге төзімді келетін инфекциялардың таралуын болдырмаудың жолдарын табу күн санап қиындай түсуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2014967-koz-tamsylarynan-boluy-mumkin-aqs-ta-omirge-qauipti-infekciya-taralyp-zatyr/