Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық отоларинголог мұрын шұқу әдеті қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді

Опубликовано:

Мұрнын ұстап тұрған әйел
Мұрнын ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматы қаласының №2 қалалық емханасының отоларинголог дәрігері Құрал Мүсілім KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында мұрын шұқу әдеті адамның өзі үшін де, айналасындағы адамдар үшін де қауіпті екенін ескертті.

"Мұрнын шұқыған адам өзінің бактериялары мен вирустарын қолы тиген жерлерде таратып қана қоймай, саусақ ұшындағы микробтарды мұрнына да кіргізіп, ағзаға инфекция енгізеді", – деп түсіндірді отоларинголог.

Құрал Мүсілімнің айтуынша, мұрын – ауыз бен көзден кейінгі түрлі вирустардың ағзаға түсетін үш жолының бірі. Мұрынның ішінде көптеген патогеннен сақтайтын түк пен шырышты қабықтар бар. Олар ауадағы шаң-тозаң, кір сияқты үлкенді-кішілі микробтарды кіргізбей, бактериялар мен вирустардан қорғайды.

Оның айтуынша, шырышты қабық кеуіп қалған кезде мұрын қуысына түскеннің бәрі қатып жинақтала бастайды. Көбісі мұрынның қуысын шұқығанда сол жиналған микробтарды алып шығатыны жайлы ойланбайды.

"Егер мұрын қуысын шұқу әдет емес, мұрынның бітелуінен немесе ыңғайсыздықтан туындаған реакция болса, салдарын анықтау үшін дәрігерге жүгіну керек. Себебі адамда мұрын қалқасының қыры қайысуы, мұрынның қабынуы, маусымдық немесе созылмалы аллергия болуы ықтимал", – деп қосты дәрігер.

Мұрынды тазалау үшін сарапшы сүлгіге сіңбіруге, содан кейін қолды дұрыстап жууға кеңес береді не мұрынға арналған тұзды спрейді қолданған жөн дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2015503-almatylyq-otolaringolog-murynnyn-quysyn-suqu-adeti-qansalyqty-qauipti-ekenin-tusindirdi/

pixel