Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылша дертінің белең алуына байланысты елде карантин енгізіле ме: ДСМ жауап берді

Опубликовано:

Температура өлшейтін құрал
Температура өлшейтін құрал. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министр Ажар Ғиният көбіне бұрын екпе алмаған балалардың қызылшамен ауыратынын айтып, әзірге карантин енгізуге ешқандай көрсеткіш жоқ деп сендірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният бүгінде балалар арасында қызылша дертінің көбейгенін атап өтті.

"Бұл - балаларға ауа тамшылары арқылы жұғатын инфекция. Бұл ауру біздің елде Түркиядан, Ресейден және Мысырдан келген туристер арқылы тарады, кейін балалар ауыра бастады. Көбінесе екпе алмаған балалар ауырды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, елімізде қызылшамен ауырған 100 адам анықталған. Осыған байланысты БАҚ өкілдері ел мектептерінде карантин болуы мүмкін бе деп сұрады.

"Қатаң (карантин – ред.) шаралар қабылдауға ешқандай көрсеткіш жоқ. Эпидемия да жоқ", - деді министр.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазір балаларды вакцинациялау, ауру жұқтырған балаларды ерте анықтау және оқшаулау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2015932-qyzylsaga-bailanysty-karantin-bola-ma-densaulyq-saqtau-ministrligi-zauap-berdi/

pixel