jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Атыраулық дәрігерлер науқастың бойынан 15 келілік ісікті алып шықты (фото)

    Медициналық құрал-саймандар
    Медициналық құрал-саймандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Атырауда дәрігерлер науқастан салмағы 15 келі тартатын ісікті алып тастады. Бұл туралы "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Облыстық онкология диспансерінің дәрігерлері кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешевпен бірлесіп, қатерлі ісікке байланысты күрделі операцияны сәтті өткізді.

    Науқастың диагнозы – "ретроперитонеум саркомасы". Ота кезінде сыртқы мықын артериясы мен сол жақта несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алып 15 келілік ісік алынды.

    Дәрігерлер алып шыққан 15 келілік ісік
    Дәрігерлер алып шыққан 15 келілік ісік. Фото: Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

    Отаны облыстық онкологиялық диспансері хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Шамшенов және облыстық кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешев жасады. Ассистенттер - Мерей Қазғалиев, Мақсат Туғанбаев және Мейрамгүл Игібаева.

    Анестезиолог - Алиакбар Имаматдинов.

    Атыраулық дәрігерлер науқастың бойынан 15 келілік ісікті алып шықты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.