Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмағы 2 келіден асады": Алматыда науқастың ішінен ісік алынды

Опубликовано:

Ота
Ота. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қалалық жедел көмек көрсету ауруханасында іш қуысының ауыруы мен ауырлық сезіміне шағымданған 52 жастағы науқасқа ота жасалып, денесінен 2 келіден астам ісік алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, науқас бір жыл бұрын ішінің үлкейе бастағанын байқаған. Бірақ ешқандай ыңғайсыздық пен ауырсыну сезбеген және медициналық тексеруден өтпеген. Кейін іш қуысында ауысрынулар пайда болған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Аурухананың мәліметінше, компьютерлік томография нәтижесінде науқастың ішінде үлкен түзілімнің бар екені анықталған. Консилиумде науқасқа хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылданып, ота барысында салмағы екі келіден асатын түзілімді алып тастаған. Ісікті алып тастау үшін аурухана хирургтары екі жарым сағаттан астам уақыт жұмсаған.

"Іш қуысынан тыс кеңістікте орналасқан түзілім іш қуысындағы бүкіл орган, ішектің бәрін оң жаққа ығыстырып, іштің тең жартысын алып жатты. Операцияның күрделілігі түзілімнің іш қуысынан тыс кеңістікте орналасып, шап аймағына өтіп кеткенінде болды. Мұндай жағдайда ісікті тұтас алып шығару маңызды екенін айту керек. Сондықтан біз шап аймағынан қосымша тілік жасап, сан артериясының жанынан санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін өттік. Оның үстіне түзілім шекаралары ортаға жақын жатып, сол жақ бүйректің шекарасы және несепағардың бойымен кеткен. Бұл өте қауіпті болды", - деді ҚЖШККА ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нұркен Желдібаев.

Дәрігердің айтуынша, ісікті органдардан өте мұқият бөліп алу қажет болған.

"Ота жасау кезінде іш қуысынан алынған түзілім 25-30 сантиметрге дейін өсіп, салмағы 2,240 келі болғаны анықталды. Операция екі жарым сағатқа созылып, ота жасау бөлімінің меңгерушісі Н.Желдібаев, хирургтар Б. Касенов пен М. Ахметов, оталық медбике Л. Гейдарова және анестезиолог Б.Бижанованың арқасында операция сәтті өтті. Отадан кейін 7 күн өткен соң науқас үйіне жіберілді", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2016708-salmagy-2-keliden-asady-almatyda-nauqastyn-isinen-isik-alyndy/

pixel