Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген

Опубликовано:

сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім
Сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім. Көрнекі фото: Рexels.com

Шымкент қаласындағы орта мектептердің бірінде бастауыш сыныптарға туберкулездің ашық түрімен ауыратын мұғалім сабақ берген, деп хабарлайды Elitar.kz.

Басылымның жазуынша, Шымкентте жалпы орта білім беретін мектептердің бірінің бастауыш сынып мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталған. Педагог 1 және 4 сынып оқушыларына сабақ беріп келген екен.

СЭС мамандарының айтуынша, оқушылар мен оқытушылар арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

"11 сәуірде аталған жағдай анықталғаннан кейін мектепте толықтай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. 12 сәуір күні мектеп жұмыс істемеді.

Мұғаліммен байланыста болғандар анықталып, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты", – дейді Шымкент қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Барлық қабылданған шараға қарамастан ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы. Олардың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын аталған мектепте оқитын оқушыдан туберкулез анықталған екен. Содан бері бүкіл сынып әлі күнге дейін 6 ай сайын медициналық тексеруден өтіп келеді.

Білім мекемесінің директоры бүгін балалар дәстүрлі форматта білім алып жатқанын айтты.

Бұл ретте, Otyrar.kz. басылымның ақпараты бойынша мұғалім үш сыныптағы балалармен байланыста болған, яғни кем дегенде 75 оқушымен тікелей байланыс жасаған.

Басылым байланыста болды деген адамдар флюорография мен мантуға жіберілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2016718-symkentte-tuberkulezdin-asyq-turine-saldyqqan-mugalim-sabaq-bergen/

pixel