Өмірді 16 жылға ұзарту үшін күніне қанша уақыт жаяу жүру керек
Жарияланған күні:
Ұлыбританияның ғалымдары адамның өмір сүру жасын 16 жылға ұзарту үшін күніне қанша уақыт жаяу жүру керектігін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританияның Лестер университетінің ғалымдары күнделікті 30 минутқа созылатын серуендеу адам өмірін 16 жылға ұзартатынын анықтаған. Тиісті ғылыми мақала Communications Biology журналында жарияланған.
Зерттеу авторлары Ұлыбританияның биобанкінен алынған 400 000-нан астам қатысушының дерегін зерттеген. Осылайша, ғалымдар тұрақты серуендеген адамдар 16 жылға ұзағырақ өмір сүретінін байқаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2018172-omirdi-16-zylga-uzartu-usin-kunine-qansa-uaqyt-zayau-zuru-kerek/