Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашын жұтып қоя береді": Астанада сирек кездесетін ауруға шалдыққан 15 жасар балаға ота жасалды

Опубликовано:

Ауруханада емделіп жатқан әйел
Ауруханада емделіп жатқан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында Рапунцель синдромы бар жасөспірімге ота жасалды, деп хабарлайды Sputnik.kz

"Ертегі кейіпкері Рапунцельдің атымен аталған бұл синдроммен ауырған адам шашын жұтып қоя береді. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Салдарынан асқазанда жиналған шатасқан шаштың көп мөлшері трихобезоардың немесе "шаш ісігінің" пайда болуына әкеліп соғады, асқазанды біртіндеп "бітеп" тастайды. Пішіні бойынша мұндай ісік асқазанның пішіні мен ұзын құйрығы жіңішке ішек сияқты болады", - деді ауруханада.

15 жастағы баланың ата-анасы дәрігерге жүгініп, қызына ФГДС процедурасын жүргізген. Өйткені жасөспірім тамақ ішкеннен кейін мезгіл-мезгіл іштің ауыруы мен құсуына шағымданған. Тексеру кезінде асқазанның трихобезоары анықталды. Жасөспірім №2 көпсалалы балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөліміне жіберілді. Қызға Астананың штаттан тыс балалар бас хирургы Ринат Байгереев ота жасады.

"Науқастарда трихофагия белгілерінің пайда болуын түсіндіретін көптеген теориялар бар. Мысалы, балалық негативизм күйзеліспен күресу немесе созылмалы тамақтанбауға шалдығуы мүмкін. Трихофагия мен пикацизм денеде темірдің жетіспеушілігінен де болады", - деп түсіндірді медицина қызметкерлері.

Рапунцель синдромының кейбір ғылыми сипаттамасында пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан кейін немесе целиак ауруын емдеуден өткеннен соң шашты жұлуын және оны жеуін тоқтатады.

Дәрігердің айтуынша, бұл ауруға шалдыққандарға психологтың міндетті кешенді көмегі қажет. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, Рапунцель синдромы бар науқастардың 70 пайызы жиырма жасқа толмаған қыздар.

Әйелдердің шашы әдетте еркектерге қарағанда ұзын болады және олардың шаштары асқазанның шырышты қабатында тұрып қалады. Адам шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және асқазанда сіңірілмеген массаға айналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2018900-sasyn-zutyp-qoya-beredi-astanada-sirek-kezdesetin-auruga-saldyqqan-15-zasar-balaga-ota-zasaldy/

pixel