Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұдан былай санаторийде тегін емделу үшін өтінішті онлайн беруге болады

Опубликовано:

Дәрігердің қабылдауы
Дәрігердің қабылдауы. Көрнекі фото: Рexels.com

Шипажайлық емге мұқтаж азаматтар енді үйлерінен шықпай-ақ оңалтуға өтініш беруге мүмкіндік алды. Жаңа механизмдер туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ауыр жарақаттар мен аурулардан кейін денсаулықты қалпына келтіру үшін қазақстандықтарға қыруар қаржы қажет болуы мүмкін. Алайда азаматтардың жекелеген санаттары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін оңалтуға, оның ішінде санаторийлерде емделуге үміт арта алады.

Бұл ретте санаторий-курорттық емдеу қажеттілігіне қорытынды беруге өтінімді енді үйден шықпай-ақ беруге болады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлағандай, бұл медициналық қызмет автоматтандырылған.

Санаторий-курорттық емделуге мұқтаж қазақстандықтар оны Электрондық үкімет порталында немесе eGov Mobile мобильдік қосымшасында ресімдей алады. Өтінімге жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшірмесін қоса беру қажет.

Оны қарастырғаннан кейін азаматқа санаторий-курорттық карта беріледі немесе ол неліктен ем ала алмайтыны түсіндіріледі.

Егер өтініш мақұлданса, онда азамат минералды суларға, емдік балшық ванналарына, жылу көздеріне және басқа да осыған ұқсас мамандандырылған арнайы мекемелерде кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтитын тегін курорттық ем ала алады.

Бұл жағдайда адамға көрсетілетін ем-дом түрі оның жарақатына немесе ауруына, сондай-ақ қарсы көрсетілімдердің болуына немесе болмауына байланысты болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2019415-qazaqstanda-budan-bylai-sanatoriide-tegin-emdelu-usin-otinisti-onlain-beruge-bolady/

pixel