Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 19 жастағы жігіт сегізінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды

Опубликовано:

ғимарат
Көпқабатты ғимарат. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық дәрігерлер сегізінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы жігітті аман алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 жастағы жігіт Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген.

Пациент дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жабық бассүйек-ми жарақатын алғанын, миы шайқалғанын, бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын, сүйегі бірнеше жерден сынғанын анықтаған.

Жас жігіттің жағдайы тұрақталған соң оған екі ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, ота жоғары технологиялардың көмегімен жасалған және ең қиын оталардың бірі болып саналады. Мұндай операциялар МӘМС пакеті шеңберінде ғана жүзеге асырылады.

"Пациентті емдеу барысында біздің басты мақсатымыз оның өмірін сақтап қалу болды. Сондай-ақ ол мүгедек болып қалмас үшін аяқ-қолының жұмысын қалпына келтіруге тырыстық. Нәтижесінде біз оны құтқарып қана қоймай, аяққа тұрғыздық", - дейді Орталық қалалық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов.

Сонымен қатар дәрігер жас жігіт отадан кейін екінші күні өзі жүре бастағанын, ауруханада реабилитациядан өткенін атап өтті. Бүгінде алматылық жігіт ауруханадан үйге шыққан, ол қазір қалыпты өмірге бейімделуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2020595-almatyda-19-zastagy-zigit-segizinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-aman-qaldy/

pixel