Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір көзін алып тастаған: Түркістан облысында жантүршігерлік диагноз қойылған бүлдіршін өмірі үшін күресуде

Опубликовано:

Аурухана палатасындағы бала
Аурухана палатасындағы бала. Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан облысында төрт жасар Дарын көпбалалы үйдің кенжесі. Екі жасында оған жантүршігерлік ретинабластома (сол жақ көздің қатерлі ісігі) деген диагноз қойылған. Бұған дейін балаға ота жасалып, бір көзін алып тастаған, бірақ нәресте әлі де өмірі мен денсаулығы үшін күресуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ата-анасының айтуынша, Дарын жасына қарай дамыған, әбден сау бала еді. Бірақ екі жасында аурудың симптомдары көріне бастады.

"Дарын сол көзімен өте нашар көре бастады. Бала сүрініп, құлай берді, ал фотоларда көзі әппақ болып, мысықтың көзіндей жарқырап, оны жиі мазалай бастады.

Тексеруден өтуді ұйғарып, Дарынды облыстық ауруханадағы офтальмолог маманына апардық. Тексерістен кейін бізге ретинабластома (сол жақ көздің қатерлі ісігі) диагнозы қойылғаны туралы хабарлады", – деді баланың анасы Гауһар Қанатова.

2020 жылы Дарын Алматы қаласындағы ҰҚКД онкология бөлімшесіне жатқызылды. Бала химиотерапияның 6 курсын қабылдаған, бірақ нәтиже болмады. 2021 жылы ол селективті химиотерапияның 5 курсын алып, қатерлі ісік аздап кішірейген.⠀

Осыдан кейін ісік лазермен күйдіріліп, өсуі тоқтатылған. 3 айдан кейін Дарынның сол жақ көзі ісіне бастап, бала қайта ауруханаға түскен және химиотерапияның тағы 2 курсын қабылдаған, бірақ бұл оң нәтиже бермеді.

"2022 жылдың 1 маусымында Дарынның көзін алып тастауға мәжбүр болды. Гистология барлығы таза екенін көрсетіп, бізге ремиссия туралы айтқан. Қуанышымызда шек болмады, бірақ қыркүйекте Дарынның ауруы қайта оралды.

Елімізде ұлыма көмектесе алмағандықтан, Түркияға, Medical Park Florya клиникасына баруды жөн көрдік. Өз күшімізбен қаражат жинадық. Емханада балаға 6 циклдық химиотерапия тағайындалып, сүйек кемігін ауыстыру бойынша ота жасалған", – дейді баланың анасы.⠀

Қазақстанда Дарынның ауруы екі рет қайта асқынғандықтан, түрік профессорлары екінші рет сүйек кемігін трансплантациялау туралы шешім қабылдады.

"Клиника 30 000 АҚШ доллар көлемінде төлем жасалғанын сұратып отыр. Отбасымыз мұндай соманы көтере алмайды – өзім үйде отырамын, ал Дарынның әкесі зауытта тракторшы болып жұмыс істейді. Қазақстан халқынан бізге көмек қолын созуды өтінемін", – деді Гауһар қазақстандықтарға үндеу жасап.

Дарынға қол ұшын созамын деген қайырымды жандар баламен арнайы еміне қаражат жинау мақсатында ашылған Instagram парақшасында таныса алады.

Реквизиттер:

Kaspi:

+7 702 252 5884

Halyk:

4405 6397 1741 2272

Гаухар К (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022126-bir-kozin-alyp-tastagan-turkistan-oblysynda-zantursigerlik-diagnoz-qoiylgan-buldirsin-omiri-usin-kuresude/

pixel