Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күніне қанша су ішуі керек: педиатр кеңес берді

Опубликовано:

Су ішіп тұрған бала
Су ішіп тұрған бала. Көрнекі фото: Рexels.com

Баланың күн тәртібін, дұрыс тамақтануын ғана емес, сонымен қатар су балансының сақталуын бақылау да маңызды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық №21 көпсалалы клиникасының балалар дәрігері Еңлік Қалмахан айтып берді.

Бала ағзасының қажеттілігі ересек адамның қажеттілігінен біршама ерекшеленеді. Бұл ретте, әрине, сұйықтықтың мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның сапалық сипаттамалары да маңызды, деп атап өтті дәрігер-педиатр.

"Кейбір бала өз еркімен және көп ішеді, ал басқалары кейде судан үзілді-кесілді бас тартады."Балаға қанша су беру керек?" деген сұраққа жауап беруге тырысқанда оның өмір салтына, зат алмасу ерекшеліктеріне, тамақтану түрі, қоршаған орта температурасы, физикалық белсенділігіне байланысты болуы мүмкін жеке қажеттіліктерін ескеру маңызды", – деп түсіндірді Еңлік Қалмахан.

Маманның айтуынша, егер нәресте тек емізулі болса, онда суды бөлек ішу қажеттілігі де аз болмақ, өйткені ана сүтінің 85 пайызы суды құрайды. Сондықтан мұндай балалар барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етілген.

"Көп жағдайда алты айға дейін нәресте су ішуге мұқтаж емес деп есептеледі. Дегенмен, тәжірибеде өмірінің алғашқы айларында нәрестенің ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Көбінесе бұл ыстық ауа райына (нәрестенің тәбеті төмендеп, шөлдеу, керісінше, жоғарылағанда), бөлмедегі құрғақ ауаға байланысты", – дейді дәрігер-педиатр.

Сондай-ақ бала емізетін ананың майлы, ащы және тәтті тағамдарды пайдалануы баланың күніне қанша су ішу керектігіне әсер ететін маңызды фактор болуы мүмкін, дейді дәрігер. Нәресте ауырып қалған кезде, атап айтқанда, егер оның температурасы көтеріліп, құсып және іші өтетін болса, шөлі қанғанша су беру қажет.

"Егер бала үнемі мазасызданып, емізуден бас тартса, оған 1 шай қасық су беріп көріңіз: егер ол суды бас салып ішсе, демек балаға су қажет (біз тек балаларға арналған су туралы айтып отырмыз)", – деп түсіндірді Еңлік Қалмахан.

Сонымен қатар егер бала өскен болса, өз бетімен ішіп-жеп жатса, онда ата-аналар оған дұрыс тамақтануды ұйымдастыруы керек, құрғақ тағамдардан бас тартқан жөн, ол баланың қанша су тұтынатынын анықтауға көмектеседі.

"Бірақ есіңізде болсын: егер нәресте жиі су сұрайтын болса, бұл ойлантарлық жағдай болуы мүмкін, сондықтан бірінші күдік туындағанда дәрігермен кеңесу қажет", деп кеңес берді дәрігер-педиатр.

Еңлік Қалмаханның айтуынша, нәрестенің жасы мен дене салмағына байланысты суды тұтыну нормасы келесідей:

6 айдан 9 айға дейін – 100-125 мл/кг;

9 айдан 1 жылға дейін – 100-110 мл/кг;

1 жастан 3 жасқа дейін – 100 мл/кг.

"Дегенмен, әр жағдайда бәрі жеке есептелетінін түсіну қажет: ана нәрестеге қанша су беруге болатындығын интуитивті түрде сезеді, ал бала өз кезегінде, бірте-бірте су ішкісі келетінін қалай жеткізу керектігін түсінеді. Әрине, кез келген жаста қарапайым таза су ішу ұсынылады", – деп түйіндеді сарапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022167-bala-kunine-qansa-su-isui-kerek-pediatr-kenes-berdi/

pixel