Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімнің өсіп жатқанын салмақ қосқаннан деп ойладым": алматылық әйел 10 кг-дай болатын ісікпен жүрген

Опубликовано:

ота жасап жатқан дәрігерлер
Ота жасап жатқан дәрігерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы ОҚКА гинеколог дәрігерлері ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен 56 жастағы әйелге жатыр миомасы диагнозы бойынша сәтті ота жасап, 10 кг-дай болатын ісікті алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенген агенттіктің хабарлауынша, науқастың жатыр көлемі салмағы 10 кг - 40 апталық жүктілік көрсеткіштеріне сай келген. Ісік көлемінің үлкен болғандығы сонша, әйелдің демалуы қиындай түскен.

Науқастың жағдайына қатысты дәрігерлер мультидисциплинарлық консилиум өткізіп, жатырды экстерпациялау отасын жасауды ұйғарған. Нәтижесінде екі сағатқа жуық уақытқа созылған ота сәтті өткен.

"Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр", - дейді гинеколог Алиса Байназарова.

Емделушінің сөзінше, ісік 20 жыл бұрын пайда болған. Алайда ол кедергі келтірмегендіктен мән бермеген.

"2021 жылы короновирустық инфекциямен ауруханада жаттым, сол кезде де дәрігерлер мені толық тексерістен өткізіп, УДЗ жасағанда менде ісік бар екенін айтып, ауруханадан шыққан соң қажетті маманға баруым керек екенін ескерткен. Бірақ ол кезде де дәрігерге бармадым. Солай үй тіршілігі, күнделікті жұмыс деп жүріп ұзақ уақытқа созып жібердім. Ал, ішімнің өсіп жатқанын салмақ қосып, толып бара жатқан соң осылай болып жатыр деп ойладым", - дейді ол.

Әйелдің сөзінше, кейін қан кету басталып, тек сол кезде ғана дәрігердің көмегіне жүгінген.

"Маған МРТ жасаған соң өте үлкен көлемдегі миома бар екенін және оны шұғыл түрде отамен алып тастау керек екенін айтты. Сол уақытта менің жағдайым қиындай түсіп, қан қысымым 195-ке жетті. Менің өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге шексіз алғысымды білдіремін", - дейді ол.

Гинеколог Алиса Байназарованың айтуынша, қазіргі уақытта жатыр миомасы өте кең таралған ауру түрі.

Сондықтан маман әйел адам гинеколог дәрігерге жиі қаралып тұруы қажет екенін айтады. Себебі, көп ауру жағымсыз әсер тудырмай, еш белгісіз басталады дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022246-almatylyq-darigerler-56-zastagy-aielden-salmagy-10-kg-dai-bolatyn-isikti-alyp-tastady/

pixel