Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақшадан тауып алған": Рудныйда 12 жасар қыз баланы кірпі тістеп алды

Опубликовано:

Кірпі
Кірпі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Рудныйда 12 жастағы қыз баланы кірпі тістеп алды. Жер үйде тұратын қыз балаға дәрігерлер құтырмаға қарсы вакцина салып жатыр, деп жазады қалалық аурухананың ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рудный қалалық көпсалалы аурухананың травматолог-дәрігері Ілияс Әбдурайымовтың айтуынша, 12 жастағы қыз бала бақшадан кірпі тауып алып, үйге алып кірген. Нәтижесінде жануар оның қолын тістеп алады.

Баланың ата-анасы дереу ауруханаға хабарласып, дәрігерлер қызға медициналық көмек көрсетті. Себебі кірпі жабайы жануар болғандықтан, зардап шегушінің құтырмаға шалдығу қаупі бар.

Дәрігерлер кірпі тістеп алған қызға иммуноглобулин енгізіп, құтырмаға қарсы вакцинация курсын бастады.

Осы орайда, дәрігерлер жабайы жануарларды ұстағанда абай болуы керектігін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022521-baqsadan-tauyp-algan-rudnyida-12-zasar-qyz-balany-kirpi-tistep-aldy/

pixel