Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар сәбилердің кенеттен шетінеу синдромының себебін атады

Опубликовано:

Нәрестенің аяқ киімі
Нәрестенің аяқ киімі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Америкалық зерттеушілер нәресте өлімінің кенеттен болуы ненің салдарынан екенін айтып, себептерінің бірін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Oxford University Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нәресте өлімінің кенеттен болу синдромын (SIDS) медицина қызметкерлері 70 жыл бойы зерттеп келеді, бірақ әлі күнге дейін кей сәби неліктен өмірінің алғашқы айларында шетінейтінін нақты ешкім айта алмайды. Тіпті мәйітті зерттеу арқылы да сәби өлімінің себебін анықтау мүмкін емес. SIDS әрбір 1000 жаңа туған нәрестенің ішінде екеуінің ғана жанын алғанымен, бұл нәресте өлімінің негізгі салдарының бірі болып табылады.

Сәбилердің басым бөлігі ұйқы кезінде көз жұмады. Нәресте өлімінің кенеттен болу синдромының себебін анықтау үшін АҚШ-тың бірнеше ғылыми орталығының зерттеушілері көз жұмған 70 шақты нәрестенің ми құрылымын зерттеп, қандай да бір ауытқушылық бар-жоғын тексерген.

Ғалымдар SIDS-тен шетінеген нәрестелердің миында серотонин рецепторларының бірінде 2А/С ақаулығы бар екенін анықтады. Кеміргіштерге жүргізілген бұрынғы зерттеулердің нәтижесі бұл рецептор ұйқы кезінде мидың оттегі қабылдауын қамтамасыз ететіндігі және ояну мен аутореанимацияда шешуші рөл атқаратынын көрсетті.

Осылайша зерттеушілердің пайымдауынша, SIDS үш жағдайда пайда болады: нәресте өмірінің бірінші жылындағы кардиореспираторияның даму кезеңі; ата-ананың сәбиді төмен қаратып қойып жатқызғаны немесе бауырына басқан кездегі стресс; нәрестенің оянуына кедергі болатын және миындағы оттегі деңгейінің төмендеуіне әкелетін биологиялық ауытқу.

Өкінішке қарай, бүгінде серотонергиялық жүйеде биологиялық ауытқулары бар нәрестелерді анықтаудың нақты әдісі жоқ. Сол себепті қауіпсіз ұйқы ережелерін және демалу кезінде нәрестенің ыңғайлы күйде жатқанын қадағалап, сол күйін сақтау өте маңызды, деп қорытындылады зерттеушілер Journal of Neuropathology & Experimental Neurology журналында жарияланған мақаласында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022579-galymdar-sabilerdin-kenetten-setineu-sindromynyn-sebebin-atady/

pixel