Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кеудесіндегі ауырсынуға шағымданған ер адам жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

науқас
Науқас. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысында кеудесіндегі ауырсынуға шағымданған ер адам шұғыл түрде Алматы қалалық көпсалалы клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Тексеруден кейін дәрігерлер оған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі деген диагноз қойды. Бұл жүректің соғу қызметі бұзылып, салдарынан ағзалар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегетін жағдай", – деп хабарлаған Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі агенттікке.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының науқастың туыстарының сөзіне сүйеніп хабарлауынша, ер адам соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен.

Осы орайда, дәрігерлер энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннің дозасы көп болатынын, бұл жүректің ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін екенін, ал оның көмірқышқыл газымен ("көпіршіктер") және қантпен үйлесуі асқазан мен бауырға қауіпті екенін еске салды.

Дәрігерлердің мәліметінше, тіпті энергетикалық сусындарды сирек қолданудың өзі жүректің соғу қызметінің бұзылуына (аритмия) әкелуі мүмкін және басқа да жағымсыз салдары болуы ықтимал.

"Энергетикалық сусындарды пайдалану гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкелуі мүмкін. Олар сондай-ақ психомоторлық қозуды, ашушаңдықты, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны және қан қысымының жоғарылауын тудыруы мүмкін", – дейді кардиолог дәрігер Мұхамеджан Нұралиұлы.

Ол сонымен қатар энергетикалық сусындарды үнемі қолдану тістің нашарлауына, ағзаның сусыздануына және бүйрекке шамадан тыс күш түсуіне, бауыр жұмысының бұзылуына, асқазандағы қышқылдын артуына әкеп соғатынын ескертті.

Бұдан бөлек, дәрігер энергетикалық сусындарды үнемі тұтыну жүрек айнуды, құсуды, диареяны, бас ауруын және үрей тудыратынын, сондай-ақ агрессияны күшейтетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2022617-almaty-oblysynda-keudesindegi-auruga-sagymdangan-er-adam-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel