Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайы өте ауыр": Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім комаға түсті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім комада жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Басылым мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім ауруханаға 20 мамырда жеткізілген. Анықталғандай ойын барысында оның үстіне темір футбол қақпасы құлап кеткен.

Зардап шеккен жеткіншекке бас-сүйек миы зақымы және ми шайқалу диагнозы қойылған. Тексерістен кейін дәрігерлер оған ем қажет екенін айтып, жасөспірім ауруханаға жатқызылған.

"24 мамыр күні кешке баланың анасы ауруханаға келді. Бес-жеті күн емделу керек дегенімізге қарамастан, ол баланың жағдайы жақсы екені, ал дәрігерлерге ешқандай шағым жоқ екені туралы қолхат жазып берді", - деп басылымға хабарлаған емдеу мекемесінен.

Жасөспірім жеті күн бойы ата-анасының бақылауында үйде болған.

"31 мамырда бала есін жоғалтып, денесі құрысып бастаған. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Мидың компьютерлік томографиясынан кейін дәрігерлер одан инсульт белгілерін байқады. Ол қазір жансақтау бөлімінде комада жатыр. Протокол бойынша ем қабылдауда. Баланың жағдайы өте ауыр", - деп хабарадар еткен ауруханадан.

Айта кетейік, мұндай оқиғалар елімізде жиі болады. Биылдың өзінде осыған ұқсас үш-төрт жағдай тіркелді.

Мәселен, Теміртау қаласындағы стадиондардың бірінде үстіне футбол қақпасы құлаған бала басынан жарақат алса, Қостанайда бір жасөспірімнің 12 елі ішегі үзіліп, тағы бірі бас сүйек-ми зақымын алған еді. Ал Қарағандыда жеті жасар баланың аяғы сынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2024940-aqtauda-ustine-futbol-qaqpasy-qulagan-zasospirim-komaga-tusti/