Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 елі ішегі үзіліп, ауыр жарақат алған": Қостанай облысында тағы бір баланы футбол қақпасы басып қалды

Опубликовано:

футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында тағы бір баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Салдарынан 16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алау ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Басылымның Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийге сілтеме жасап жазуынша, оқиға 12 сәуір күні болған.

"Баланың 12 елі ішегі үзілген. Бұл – сипаты мен емделуі ең ауыр жарақаттардың бірі. Бұдан кейін асқыну көп болып жатады. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр, ол өкпені жасанды жолмен демалдыру аппаратына қосылған. Оған ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақтанды. Емдеу шаралары жалғасуда. Өз бетімен дем алу үшін апараттан ажырату жағын қарастыратын боламыз", - дейді Игорь Белобржицкий.

Оның сөзінше, шамамен екі апта бұрын осыған ұқсас жағдай Ұзынкөл ауданында болған. Ол кезде де облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы жасөспірім жеткізілген.

"Жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кеткен. Ол бас сүйек-ми жарақатын алған. Оның жағдайы орташа ауыр болды. Қазір жасөспірім жазылып келеді. Біз мұндай оқиғалар осыдан 4 жыл бұрын футбол қақпасы құлап, бала көз жұмғанда енді қайталанбайтын шығар деп ойлап едік. Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі де бар", - дейді Игорь Белобржицкий.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласында аулада балалармен доп ойнап жүрген жеті жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен еді. Салдарынан баланың аяғы сынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016879-12-eli-isegi-uzilip-auyr-zaraqat-algan-qostanai-oblysynda-tagy-bir-balany-futbol-qaqpasy-basyp-qaldy/

pixel