Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматы ауруханасында АИТВ жұқтырған науқастардың көз жұмғаны туралы ақпаратқа жауап берді

Жарияланған күні:

қан талдамалары
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АИТВ індетін жұқтырған науқастардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала әкімі журналистердің "АИТВ жұқтырған үш науқастың екеуі қайтыс болды ма?" деген сұрағына жауап берді.

"Жоқ деп жауап бергім келеді, себебі вирус 2 маусымда анықталған еді. Өлімге әкелген жағдай болған жоқ. Тіпті тергеудің өзі анонимді түрде жүргізілуде, өлім фактісі жоқ", - деді Досаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 маусым күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ инфекциясын жұқтырған үш науқас анықталғаны туралы хабарланған болатын. Ақпаратты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растағаны туралы жазған едік.

Кейін сол күні Денсаулық сақтау министрлігі Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтыру фактісі бойынша тексеріс бастаған болатын.

Ал 15 маусымда Сенат кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы ауруханалардың бірінде АИТВ жұқтырғандардың анықталғанына қатысты пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2025907-dosaev-almaty-auruxanasynda-aitv-zuqtyrgan-nauqastardyn-koz-zumgany-turaly-aqparatqa-zauap-berdi/