jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда науқастардан АИТВ анықталды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады

Медқызметкер
Медбике. Көрнекі фото: Рixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтыру фактісі бойынша тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

"Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады.

Осы факті бойынша ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастады", – делінген министрліктің хабарламасында.

Комиссияның құрамына ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылған.

Ведомство қосымша ақпарат комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ОҚКБ-да науқастардың АИТВ-инфекциясын жұқтырғанын растаған болатын.

Алматыда науқастардан АИТВ анықталды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.