Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында кене шаққан бала көз жұмды

Опубликовано:

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған бір бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың қайтыс болуына медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

Сондықтан дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден дәрігерге көріну керектігін ескертеді.

"Кенеге қарсы бүкіл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кене шаққан адам тез арада дәрігерге жүгінуі керек. Кенені қолмен алып, жұлып, мыжғылап тастауға болмайды. Арнайы қысқышпен ақырын тартып алу керек. Себебі, қан шашырап адамға ауру жұғуы мүмкін. Кене шаққан адам 14 күндік медициналық бақылауға алынады", - дейді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов.

Агенттік дерегінше, жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 985 адамды кене шаққан. Оның ішінде ең көбі Сауран ауданында тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028089-turkistan-oblysynda-kene-saqqan-bala-kongo-qyrym-qandy-bezgeginen-koz-zumdy/

pixel