Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ресейде көзіне пластикалық ота жасатпақ болған әйел комада жатыр

Опубликовано:

Медициналық құрал-саймандар
Медициналық құрал-саймандар. Көрнекі сурет: pixabay.com

36 жастағы Воронеж тұрғыны пластикалық ота жасатқан соң, есін жинай алар емес. Бұл туралы radio1.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

36 жастағы әйел Пятигорск қаласындағы ауруханалардың бірінде ота жасатқан. Сәуір айында ол барлық сынаманы тапсырып, сараптама оның денсаулығында кінәрат жоқтығын анықтайды.

24 сәуір күні ота жасалады. Алайда жарты сағаттан соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, анафилактикалық шок басталады. Әйелдің ағзасы анестезияға осылай қарсылық көрсеткен.

Дәрігерлер реанемациялық іс-шараларды жасап, отаны әрі қарай жалғастырған. Ақ халаттылар ол есін жинайды деп уәде береді.

Алайда емделуші бүгінге дейін ес жимаған. Ол қазір бірінші сатыдағы комада жатыр. Көзіне пластикалық ота жасатпақ болған әйел трубканың көмегімен тамақтануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028109-baq-reseide-kozine-plastikalyq-ota-zasatpaq-bolgan-aiel-komada-zatyr/

pixel