Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда 8 жасар бала ағаштан құлап, ауыр жарақат алды

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Рудныйда ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған 8 жасар бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні кешке Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне 2015 жылы туған бала түскен. Ол ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған.

"Оған ашық бассүйек-ми зақымы, бас сүйегінің сынуы, ауыр дәрежедегі ми зақымы диагнозы қойылды. Қазір бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", – делінген хабарламада.

Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 шілде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

"Ол санитариялық авиация қызметі арқылы Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі", – дейді Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары.

Осы орайда, дәрігерлер жаз мезгілінде балалардың жарақат алу жағдайлары көбейетінін еске салды. Сондықтан мамандар ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, оларға аулада, ойын алаңында, жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіруге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028387-rudnyida-8-zasar-bala-agastan-qulap-auyr-zaraqat-aldy/

pixel