Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстықта қалай тамақтанған жөн: алматылық дәрігер кеңес берді

Опубликовано:

Себеттегі жеміс-жидектер
Себеттегі жеміс-жидектер. Көрнекі фото: Рexels.com

Аптап ыстықта денсаулықты сақтау үшін және адам өзін жайлы сезінуі үшін қандай тағамдар мен сусындар тұтынған жөн? Бұл туралы Алматыдағы №11 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Рыскүл Қадырғалиева айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, жазда аптап ыстыққа төтеп беру үшін келесі тағамдарды тұтынған жөн:

  • қарбыз, қауын, қияр, қызанақ сияқты суы көп жемістер мен көкөністер. Олар ағзаны сусызданудан сақтап және оның гидратациясын ұстап тұруға көмектеседі;
  • балық, тауық және жұмыртқа сияқты жеңіл ақуызды тағамдар. Оларда май аз және энергия мен тойымдылықты сақтауға көмектеседі;
  • шпинат, салат және қырыққабат сияқты жасыл көкөністер. Олар иммундық жүйені нығайтуға және ыстыққа төзімділікті арттыруға көмектесетін витаминдер мен минералдарға бай;
  • жидектер (құлпынай, таңқурай, көкжидек) мен цитрустық жемістер (апельсин, лимон) сияқты антиоксидантқа бай тағамдар. Олар ағзаны бос радикалдардан қорғауға және энергия деңгейін арттыруға көмектеседі;
  • киви, грейпфрут және ананас сияқты С дәруменіне бай тағамдар. С дәрумені иммундық жүйені нығайтуға және стресске төзімділікті арттыруға көмектеседі;
  • бадам, пісте және зығыр тұқымдары сияқты жаңғақтар мен тұқымдар. Олар мидың жұмысын жақсартуға және энергия деңгейін арттыруға көмектесетін пайдалы майларға бай;
  • су және газдалмаған сусындар. Олар сіздің ағзаңыздығы гидратацияны сақтап, сусыздану қаупін азайтуға көмектеседі.

"Әр адамның ағзасы әр түрлі екенін ұмытпаған жөн, сондықтан ыстық ауа райында тамақтану бойынша жеке ұсыныстар алу үшін дәрігер немесе диетологпен кеңескен жөн", – деп қосты Рыскүл Қадырғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028455-aptap-ystyqta-qalai-tamaqtangan-zon-almatylyq-dariger-kenes-berdi/

pixel