Оралда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді
Жарияланған күні:
Оралдағы көпбейінді ауруханада салмағы 6 келіден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, алып нәресте 16 шілде күні 6 кг 170 грамм салмақпен өмірге келген.
Сәби отбасындағы үшінші бала. Бойы - 63 см.
Ведомство мәліметінше, ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Қазіргі таңда олар дәрігерлердің қатаң бақылауында.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда салмағы 6 200 грамм болатын алып сәби дүниеге келген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2029334-oralda-salmagy-6-keliden-asatyn-alyp-bala-duniege-keldi/