Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігер бір күнде қанша қарбыз жеуге болатынын айтты

Опубликовано:

Қарбыз
Қарбыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы №21 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Дарина Мырзабекова адамға бір тәулікте қанша қарбыз жеуге болатынын айтып берді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

"Қарбыз фруктоза мен сахарозаның көзі, ол қандағы қант мөлшеріне әсер етеді. Қарбыздың мәйегінде 6-дан 13 пайызға дейін жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фруктоза және сахароза) болады. Пісу кезінде глюкоза мен фруктоза басым болады, қарбызды сақтау кезінде сахароза жинақталады", – деді дәрігер.

Дарина Мырзабекованың айтуынша, жемістің жеуге жарамды бөлігінің 100 граммында небәрі 38 килокалория бар. Мәйегінде А дәрумені, В дәрумендері (В1, В2, В6, В9 және РР), С дәрумені, Е дәрумені, магний, калий, кальций, фосфор, темір, натрий бар.

"Ликопен, ниацин және тиамин, сондай-ақ каротин, рибофлавин және аскорбин қышқылы қарбызда көп кездесетін антиоксиданттардың қатарына жатады. Тәтті қарбыздың құрамында ағзаға көп жағымды әсері бар. Адам оны диетасына қосқаны абзал, бірақ қандағы глюкоза деңгейін бақылай отырып, бір уақытта кішкентай бөліктерін ғана жеу керек", – деп түсіндірді маман.

Медицина маманының сөзінше, қарбыздың бірреттік рұқсат етілген мөлшері - 200 грамм.

Дегенмен Дарина Мырзабекова қарбызды тұтыну кезінде кейбір санаттағы адамдар мұқият болуы керектігін айтты. Маман оның құрамында қант көп болғандықтан, семіздік, қант диабеті, бүйрек ауруы және атеросклерозбен ауыратын адамдар қарбызды аз мөлшерде жеу керектігін атап өтті.

Бұл ретте медицина маманы қарбызды көбіне тамаққа дейін немесе астың орнына жемей, оны десерт ретінде тұтынған дұрыс деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2029528-almatylyq-dariger-bir-kunde-qansa-qarbyz-zeuge-bolatynyn-aitty/

pixel