Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі балам да жүре алмайды": Ақтөбе облысында қос бірдей ұлы сал ауруына шалдыққан ана жанайқайын айтты

Жарияланған күні:

Мүслім мен Санжар Қуанышбек
Мүслім мен Санжар Қуанышбек. Фото: жеке мұрағат

Ақтөбе облысында дүниеге келген Санжар мен Мүслім Қуанышбек туғалы бері ауыр дертпен күресіп келеді. Бір үйдің екі баласы да сал ауырына шалдыққан. Ал ата-анасы балаларын аяққа тұрғызу үшін бар күшін салса да, емнің қаражаты жеткізер емес, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Санжар 12 жаста, ал Мүслім алты жастан асты. Бүгінде ата-анасы екі ұлын қатарға қосу үшін тынымсыз еңбектенуде. Өкінішке қарай, уақыт зымырап өтіп жатыр.

"Екі баламда да жүктілік өте жақсы өтті. Менде қандай да бір токсикоз, баланың түсіп қалу қаупі деген болған жоқ. Екеуі де өмірге сап-сау болып келген еді. Бірақ Алланың қалауы осылай екен. Санжардың денсаулығында кінәраты барын 2 айында білдік. Бес айынан бастап үздіксіз ем алдық. Алайда мүлде нәтиже болмады. Алматыдағы оңалту орталығында емделген соң, біраз өзгеріс байқадық. Қолмен тіреп отыра бастады. Өкініштісі сол, әрі қарай емді жалғастыру үшін қаражат тапшы еді", - дейді анасы Ләззат Оразбаева.

Ләззат ұлы Санжар төртке келгенше баласын үздіксіз емдеп, тағы бір қызын дүниеге әкелді. Бүгінде қызы мектеп оқушысы, ден сау. Ал 2017 жылы өмірге келген ұлы Мүслімнің де сал ауруына шалдыққаны ерлі-зайыптылардың еңсесін түсірді.

"Санжарды аяққа тұрғызамыз деп, шапқылап жүргенде Мүслім ұлымыздың да сал ауруына шалдыққаны белгілі болды. Бір айынан бастап денсаулығы дұрыс еместігін байқадым. Үздіксіз ем ала бастадым. Амал қанша, оған да сал ауруы диагнозы қойылды. Бүгінде екі ұлымызды қатарға қосу үшін бар қаражатты жұмсадық. Ендігі үмітіміз – түркиялық дәрігерлерде", - дейді Ләззат.

Бүгінде Санжар мен Мүсілім түркиялық дәрігерлерден онлайн кеңес алды. Олар балалардың аяғына ортез кигізіп, белден төмен қарай өздерін сезінуіне көмектесетінін айтады.

"Түркиялық дәрігерлер үмітімізді қайта оятты. Олар ота жасауға және ортез кигізуге болатынын айтты. Бұл балалардың аяғын сезінуге көмектеседі. Ота құны – 16 миллион 700 мың теңге. Бүгінде 8 миллионға жуық қаражат жиналды. Ең өкініштісі – уақыт аз қалды. Дәрігерлер Санжар 13 жасқа толғанша ота жасату керектігін ескертіп жатыр. Ал ұлым 13-ке жақындап қалды. Балаларымның ойлау қабілеті жақсы. Енді олардың аяққа тұруына халықтан көмек сұраймын", - дейді Ләззат Оразбаева.

Санжар мен Мүслім Қуанышбекке көмек көрсетем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold тіркелген номер: 8 702 245 34 46

Halyk Bank тіркелген номер: 8 705 232 56 65, анасы Ләззат О.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2029580-eki-balam-da-zure-almaidy-aqtobe-oblysynda-qos-birdei-uly-sal-auruyna-saldyqqan-ana-zanaiqaiyn-aitty/