jitsu gif branding logo appbranding logo app

Павлодар облысында фельдшерлік бригада клиникалық өлім жағдайында болған ер адамды аман алып қалды

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында фельдшерлік бригада клиникалық өлім жағдайында болған жергілікті тұрғынды аман алып қалды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz басылымы хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 20 шілдеде сағат 06:50-де облыстық жедел жәрдем станциясының пультіне Шарбақты ауданынан шақырту келіп түскен.

Қоңырау шалған 63 жастағы ер адам кеуде қуысының ауырсынуына шағымданған. Тұрғынның мекенжайына бірден фельдшерлік бригада жіберілген. Шақырту орнына 4 минутта жеткен медицина қызметкерлері пацинетті клиникалық өлім жағдайынан құтқарып қалған. 

"Науқасқа жедел миокард инфарктісі диагнозы қойылды. Ол бірден клиникалық өлім жағдайына түскен. Фельдшер жедел жәрдем жүргізушісімен бірге дефибрилляторды пайдаланып реанимациялық жәрдем көрсетуді бастаған", –  дейді 103 облыстық станция қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.

Осылайша, фельдшерлік бригада ер адамды аман алып қалып, жағдайы тұрақталғаннан кейін оны Шарбақты аудандық ауруханасына жеткізген.

Енді ол Шарбақты ауданынан Павлодар облыстық кардиорталығына  ауыстырылатын болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.