Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен энергетикалық сусынды ыстық күнде ішкен қауіпті: алматылық дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Энергетикалық сусын
Энергетикалық сусын. Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетикалық сусындар құрамына байланысты ағзаға кері әсерін тигізеді, әсіресе ыстық күнде көп мөлшерде тұтынылған кезде қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Алматының №4 қалалық емханасы салауатты өмір салты (СӨС) бөлімінің дәрігері Ұлбосын Әміркенова айтты.

"Энергетикалық сусындардың құрамында әдетте кофеин бар, ол диуретик болып есептеледі және организмнен сұйықтықтың зәр арқылы молынан шығарылуына септігін тигізеді. Бүгінде ыстық ауа райында, әсіресе сусыздану қаупі жоғарылаған кезде энергетикалық сусындарды тұтыну бұл мәселені шиеленістіріп, денсаулыққа үлкен зардап тигізуі мүмкін", – деп атап өтті медицина қызметкері.

Ұлбосын Әміркенованың айтуынша, энергетикалық сусынның құрамындағы кофеиннің көптігі жүрек соғысы мен қан қысымын жоғарылатады. Ал ыстық ауа райы кезінде және адам физикалық белсенділік танытқанда бұл жүрек-тамыр жүйесіне қосымша ауырлық артуы мүмкін.

Сондай-ақ ақ халаттының айтуынша, энергетикалық сусынның құрамындағы көп мөлшердегі кофеин мен басқа да стимуляторлар дене температурасының жоғарылауына ықпал етіп, дененің ыстықта салқындау қабілетін төмендетеді. Бұл ретте адамның басынан күн өтіп кету қаупі артады.

"Кофеиннің жоғары мөлшері кейбір адамдарда жүйкенің жұқаруын, үрейлендіріп, тіпті дүрбелең тудыруы мүмкін", – деп қосты сарапшы.

Медицина қызметкері энергетикалық сусындарды, әсіресе аптап ыстықта тұтынуды шектеу керектігін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2030404-nelikten-energetikalyq-susyndy-ystyq-kunde-isken-qauipti-almatylyq-dariger-zauap-berdi/

pixel