Қостанай облысында бес келіден асатын алып бала дүниеге келді
Жарияланған күні:
Қостанай облысы Рудный қаласында салмағы шамамен 5,5 келіні құрайтын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы Рудный қалалық емханасының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, нәрестенің бойы 62 см, салмағы 5 кг 640 г. Есімі - Назар. Ол 9 тамызда Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келген. Сәбидің анасына ота жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы тұрақты.
Назар - шахтер Маргарита Кунцевичтің тұңғыш баласы, ол 23 жаста.
"Ұлым менің туған күнімде дүниеге келді десе болады, осындай сыйлық. Біз ұл болатынын білдік, бірақ салмағын болжай алмадық, олар маған тексеруден кейін ұл баланың ең үлкен салмағы әдетте 4,5 келі болатынын айтты...
Сәби толықтай бізге тартқан: мен де, әкесі де 5 келіге жуық салмақпен дүниеге келдік", - деді келіншек.
Сондай-ақ орталық мәліметінше, бұған дейін 12 тамыз күні перинаталдық орталықта салмағы 5 келі 300 г. құраған Арина есімді қыз бала дүниеге келген. Қыз 33 жастағы кенші Мария Цветкованың үшінші баласы.
"Салмағы үлкен болды. Қызымды өзім босануға бірнеше сағат тырыстым, кейін операция жасады. Қазір бәрі жақсы, шығуға дайындалып жатырмыз. Бірінші балам - ұл, ол кәдімгі 3 кг 400 гр салмақпен дүниеге келген, екінші қызым 4 кг 200 гр болып туылды, ол кезде табиғи түрде босанған едім.
Дәрігерлер қыздарымды "семіртіп жатқанымды" айтты, бірақ мен қыздарыма аяғым ауыр болғанда тіпті артық салмақ та қосқан жоқ едім, соның өзінде қыздарым алып батыр, әсіресе кішісі", - деп бөліседі Мария Цветкова.
Орталық ақпаратынша, баланың туған кездегі дене салмағы 4000-5000 грамм болса, ол ірі бала болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын нәрестені алып деп атайды.
Медицина қызметкерлерінің сөзінше, орталықта алып сәбилердің туылуы — сирек жағдай, жылына бір рет қана дүниеге келеді, ал бір аптаның ішінде салмағы 5 келіден асатын екі алып сәбидің дүниеге келгені бірінші рет тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2032447-qostanai-oblysynda-bes-keliden-asatyn-alyp-bala-duniege-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.