jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Алматы дәрігерлері сүйек жұтып қойған әйелді аман алып қалды

    Пациенттің өңешінен алынған сүйек
    Пациенттің өңешінен алынған сүйек. Фото: instagram.com/almoblzdrav

    Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйекті жұтып қойған Алматы облысының тұрғынын аман алып қалды. Бұл туралы Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі желідегі ресми парақшасында хабарлады.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс тұрғыны қабылдау бөліміне тамақ пен іш ауруына шағымданып келген. Айтуынша, төрт күн бұрын тамақ ішіп жатқанда сүйек жұтып қойған.

    "Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, мені тек амбулаториялық емделуге жіберді.

    Тамағымның ауырғаны кетпеген соң жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді", - дейді пацинет.

    Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулардың пайда болғанын анықтаған.

    "Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады, өйткені шырышты қабық жарылған және сүйектің ағзада болғанына төрт күннен асқан. Бірақ консилиум кезінде эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылданды", - дейді клиникалық-диагностикалық бөлімшенің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

    Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері диагностика мен емдеудің аз инвазивті эндоскопиялық әдістерін кеңінен қолданады, бұл әдістер көп жағдайда классикалық жедел хирургия әдістерін тиімді алмастырады.

    Ағзаға хирургиялық пышақ тимеген соң, мұндай араласулардан кейін науқастың оңалуы әлдеқайда жылдам өтеді.

    Сондықтан қазір таңда сүйек жұтып қойған пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.