Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Удың бетін қайтаратын ем алуда": Ақтөбе облысында екі бала белгісіз заттан уланып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Опубликовано:

қоңжық
Қоңжық. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылында екі бала белгісіз заттан уланып қалды. Қазір тексеру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 18 тамыз күні тіркелген.

Сағат 23:00 шамасында Қобда ауданының орталық ауруханасына "белгісіз заттан улану" диагнозымен 3 және 5 жастағы екі бала жеткізілген. Жанында фельдшер мен анасы, әжесі болған.

"Бес жастағы ұлдың жағдайы ауыр. Сандырақтап жатты. Сонымен бірге үш жастағы қыз баланың да жағдайы ауыр, әлсіз күйінде жеткізілді. Олардың дене қызуы жоғары болды. Туыстарының айтуынша, қызуы көтеріліп, сандырақтап, әлсірей берген. Жан-жақты сұрақ-жауап кезінде садақа болып, балалардың ауылда ойнап жүргені анықталды.

Олар сағат шамамен 18:00-де үйге келген. Ауырған соң фельдшер шақырған. Өздері парацетамол беріп, қызуын түсірмек болған. Алғашқы кезде неден уланғаны белгісіз еді. Кейін ауылда итжидек өсетіні анықталды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Балаларды реаниматологтар қарап шыққан. Түрлі сынама алынған. Медициналық авиацияға хабар беріліп, дәрігерлер кеңес өткізген.

"Қазіргі кезде балалардың дене қызуы сәл төмен түсті. Бүгін таңғы сағат 03:00 шамасында елітіп, қайта сандырақтай бастаған. Бір сағаттан соң медавиация, оның ішінде реаниматолог барды. Екеуі де Ана мен бала орталығына жеткізілді. Реаниматологтар республикалық әріптестерімен ақылдасты. Қазір балалардың жағдайы ауыр. Қайта-қайта сандырақтап кетеді. Удың бетін қайтаратын ем алып жатыр", - дейді Рүстем Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2033149-udyn-betin-qaitaratyn-em-alyp-zatyr-aqtobe-oblysynda-eki-bala-belgisiz-zattan-ulanyp-auyr-zagdaida-auruxanaga-tusti/

pixel