Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дем ала алмай қаламын": Ақтөбеде арамшөптен аллергиясы асқынғандар көбейген

Опубликовано:

Түшкіріп жатқан ер адам
Түшкіріп жатқан ер адам. Көрнекі фото: Ben Birchall/PA Images via Getty Images

Ақтөбеде көшелерде қаптап өскен арамшөптен аллергиясы асқынған адамдардың саны көбейген. Тұрғындар шөптерді отап тастауды талап етуде. Жауапты адамдар арамшөпті отаумен айналысып жатқанын айтады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, арамшөп піскен кезде аллергиясы күшейіп кеткен тұрғындардың бірі – Алмагүл Бақтыгерейқызы. Ол бірер күн бұрын тынысы тарылып, дем ала алмай, жедел жәрдем шақыртқан.

"Шілде, тамызда күшейеді. Шөптен аллергия береді. Демікпе. Дем ала алмай қаламын", – дейді Алмагүл Бақтыгерейқызы.

Телеарнаның дәрігерлердің мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, биыл Ақтөбеде аллергиясы асқынып демікпеге шалдыққандардың саны артқан. Ал аллергияға шалдыққандардың артуын мамандар ойраншөпті дер кезінде отамаумен байланыстырып отыр.

"Бірінші – экология дейміз. Сосын арамшөптер дейміз. Қазір арамшөп көбейіп кетті. Кісілер өз үйінің маңындағы арамшөптерді жұлмайды, жинамайды. Соның ішінде балалар ойнайды. Астмаға дейін асқынып кетеді", – дейді Ақтөбе аллергия және респираторлық медицина орталығының меңгерушісі Светлана Есекеева.

Ал жергілікті әкімдіктің берген ақпаратынша, арамшөпті шабу үшін қалада бірнеше бригада жасақталған.

"Қазір, тамызда шығатын аллергиялық өсімдіктер бар. Амброзия, повилика дегендер. Сол шөптерді шауып жатыр. Бізде проблемалық аудан бар. Ол Мәскеу мен Болашақ шағын аудандары. Өйткені көше бойында осындай шөптер өседі", – дейді Астана ауданы ТКШ бөлімінің басшысы Мирас Әжібаев.

Телеарна ақпаратынша, өсімдіктер арасында аллергияны өршітетін – ойраншөп. Оның гүл атуы тамызда басталып, қазанға дейін жалғасады. Мамандардың пікірінше, арамшөптен түбегейлі арылу үшін оны ормай, тамырымен жұлған дұрыс.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2033721-dem-ala-almai-qalamyn-aqtobede-aramsopten-allergiyasy-asqyngandar-kobeigen/

pixel