Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ Көкшетауда әскерге шақырылғандардың жаппай науқастануына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы үкімет отырысында Ақмола облысындағы әскери бөлімшеде сарбаздардың жаппай ауырып қалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінгі күні Ақмола облысының әскери бөлімшесінде жұқпалы ауруға шалдыққан 45 адам тіркелді. Әскерге шақырылғандар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. 41 науқас ауруханада, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, қазіргі таңда жағдай жақсарды", – деді министр.

Ажар Ғиниятқызы ауруханаға жатқызылған сарбаздар арасында менингококк инфекциясы тіркелгенін, ал кейбіреуінде энтеровирустық инфекция бар екенін айтты.

"Қазір миксинфекция маусымы басталды. Біреу ауырып, басқаларға жұқтырған сияқты. Қарым-қатынаста болғандардың барлығы тексерілді, симптомдары бар адамдар оқшауланды. Жаңа адамдар кіргізілмейді. Ауыр жағдайлар жоқ", – деп мәлімдеді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда бір аптада 40-тан астам әскерге шақырылған сарбаз ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазған едік. Жауынгерлер бас ауруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2034426-dsm-koksetauda-askerge-saqyrylgandardyn-zappai-auyruyna-qatysty-tusinikteme-berdi/

pixel