jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Адамдардың үнемі шаршап жүруіне не себеп

    Жұмыс столында ұйықтап жатқан әйел
    Көрнекі сурет: pexels.com

    Адамдардың үнемі шаршап жүруіне вирустар әсер етуі мүмкін. Корнелл университетінің мамандары осындай шешімге келді, деп хабарлайды Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ғалымдар созылмалы шаршау синдромы патологиялық жағдай екеніне баса назар аударды. Мәселен, үнемі шаршап жүретін адам кейде күнделікті жұмыс істейтін әлеуетін жоғалтады.

    Тіпті, шаршау сезімі демалыстан соң да кетпеуі мүмкін. Кейде бірнеше айларға немесе жылдарға созылады. Уақыт өте келе жоғалып кеткенімен, бұл синдром адамға қайта оралады.

    Зерттеушілердің пікірінше, адамдардың жиі шаршауына энтеровирустар әсер етуі мүмкін. Әсіресе Эпштейн-Барр және басқа да герпес түрлері тез шаршауға әкеледі.

    Сондай-ақ басқа механизмдердің де әсері бар. Атап айтар болсақ, қалқанша без гормонының төмендеуі де үнемі шаршаңқы жүруге соқтырады.

    Адамдардың үнемі шаршап жүруіне не себеп

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.